Павлодар облысында көші-қон заңнамасын бұзғандар елден қуылды
Бұл бағыт бойынша жыл басынан 10-нан астам заңбұзушылық тіркелді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Шарбақты ауданының полиция қызметкерлері рейдтік іс-шаралар барысында Өзбекстан Республикасының азаматтарын ұстаған. Оларда құжаттарды тексеру кезінде көші-қон заңнамасын бұзушылық анықталды. Шетел азаматтары елден кетуден жалтарған.
– Өзбекстан Республикасының төрт азаматы 2023 жылдың қарашасында Қазақстанға келген. Шетелдіктер белгіленген мерзімде кетуден жалтарып, сол арқылы көші-қон саласындағы заңнаманы бұзған, – дейді департаментте.
Құқық бұзушыларға қатысты әкімшілік материал толтырылды және сот шешімімен Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығарылды.
Айта кету керек, жыл басынан бері облысыта көші-қон заңнамасын бұзған он үш шетелдік азамат елден шығарылды.