Екібастұзда Республика күніне арналған байқау өтеді

Екібастұзда Республика күніне арналған байқау өтеді
Фото: ашық дереккөзден

Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Менің Қазақстаным!» байқауы кәсіпорындар, оқу орындары, мектептер, сондай-ақ жастар орталықтары арасында өтеді. Қатысушылардың жас ерекшелігіне шектеу жоқ.

- Байқау екі кезеңнен тұрады. Біріншісінде қатысушылар «Менің Қазақстаным» тақырыбында театрландырылған қойылым дайындайды. Тақырып пен мазмұнды ашу үшін дәстүрлі ән, күй және биді қолдану ұсынылады. Ең көп ұпай жинаған конкурсанттар екінші кезеңге өтеді. Онда «Қазақстан егемендік жылдарында» зияткерлік ойынына қатысады, - делінген хабарламада.

Өтініш беру шарттарымен «Өнер» ҚМС Instagram парақшасында танысуға болады.