Павлодарда мамыр айында қандай мерекелік шаралар өтеді

Павлодарда мамыр айында қандай мерекелік шаралар өтеді

Павлодар қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі мамыр айының мерекелік шаралар кестесін жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Мамыр айының алғашқы мерекесі 1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні Конституция алаңы, 1 мекенжайында көпшілік думан өтеді. 

Қалаға қарасты ауылдарда мерекелік концерттер, қаладағы музейлерде Қазақстан халықтарының мәдениеттеріне арналған көрмелер мен мерекелік шаралар ұйымдастырылады.

Қаладағы қазақ және орыс театрында мерекелік тақырыптарда спектакльдер қойылады. 

Ал, 7 және 9 мамырдағы мерекелерге арналған негізгі шара 5 мамыр күні Естай атындағы мәдениет сарайында өтеді. Мәдениет сарайында Павлодар облысынан Ұлы Отан соғысына қатысушылардың заттары қойылған көрме және ҚР Қарулы күштерінің құрылу кезеңдері туралы көрме ұйымдастырылады. Мерекелік концертте отандық эстрада жұлдызы Қуандық Рахым өнер көрсетеді.

8 мамырда Естай атындағы мәдениет сарайында әнші Ернар Айдар жеке концертін береді. 

31 мамыр – Саяси қуғын сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күніне орай 30 мамыр күні облыстық кітапханада «Алаштың асыл арыстары» атты еске алу кеші өтеді. Ал, 31 мамыр күні «Ertis» музейінде «Қасірет» көрмесі ұйымдастырылады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от МӘДЕНИЕТ•КУЛЬТУРА•CULTURE (@madeniet_pavlodar)