Екібастұзда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жүзден астам мәселені қарады

Екібастұзда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ жүзден астам мәселені қарады
Фото: облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттігі

«Maxi Mall» ойын - сауық орталығында тегін заңгерлік кеңес беру акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Кеңесшілер ретінде заң консультанттары палатасының, адвокаттар алқасының, нотариустардың, сондай-ақ облыстың мемлекеттік органдарының өкілдері сөз сөйледі.

Мобильді топтың негізгі міндеті-азаматтардың құқықтық мәдениетін арттыру, азаматтардың, әсіресе шалғайдағы елді мекендердің өзекті мәселелерін жедел шешу.

– Құқықтық ағарту елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендетудің маңызды шарттарының бірі болып табылады, бұл азаматтарға мемлекеттік органдардың қызметін, мемлекеттік қызметтерді алу рәсімдерін жақсы түсінуге, өз құқықтары мен міндеттерін нақты білуге мүмкіндік береді, – деп атап өтті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы еріктілер. 

Акция барысында 100-ден астам екібастұздық туындаған мәселелерді шешу бойынша кәсіби құқықтық кеңес ала алды.

Жақын арада мобильді топ Павлодар облысының барлық аудандарына баруды жоспарлап отыр.