Екібастұзда сотталғандар қызанақ өсіруге тартылады

«Greenhouse-Qaztomat» ЖШС облыстың ірі жылыжай шаруашылығы болып табылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2023 жылы Павлодар облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті мен «Greenhouse-Qaztomat» ЖШС арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылған. Басты мақсаты – ҚР ІІМ ҚАЖК №47 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан сотталғандарды ақылы еңбекке тарту және тұрақты жұмыспен қамту арқылы олардың қайта әлеуметтенуіне жағдай жасау.
– Аталған келісім аясында Екібастұз қаласындағы №47 түзету мекемесінде жазасын өтеушілердің еңбекке тартылу тәртібі қарастырылып, әлеуметтік маңыздылығы айқындалды. Тараптар сотталғандарды тиімді еңбекпен қамту тетіктерін талқылап, нақты іс-шаралар жоспарын белгіледі, – дейді ҚАЖД-де.
Бұл бастама – сотталғандарды еңбекке бейімдеу арқылы олардың қоғамға қайта қосылуына мүмкіндік беру және еңбек дағдыларын қалыптастыру бағытындағы маңызды қадам болып табылады.
«Greenhouse-Qaztomat» ЖШС еуропалық стандарттарға сәйкес ең жаңа жабдықтармен, инновациялық жүйелермен және технологиялармен жабдықталған заманауи кешен.