Астана-Павлодар бағыттарындағы әуе рейстерінің кестесі жарияланды
Ұшу күні мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Павлодар әуежайы» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, Qazaq air әуекомпаниясы Астана – Павлодар - Астана бағыты бойынша субсидияланатын әуерейсін іске қосты.
Рейстер аптасына бес рет кесте бойынша орындалады:
Сейсенбі және бейсенбі күндері:
IQ 531 Астана (19:50) – Павлодар (21:00)
IQ 532 Павлодар (21:30) – Астана (22:40)
Жұма күндері:
IQ 531 Астана (17:05) – Павлодар (18:15)
IQ 532 Павлодар (18:55) – Астана (20:05)
Сенбі күндері:
IQ 531 Астана (08:25) – Павлодар (09:40)
IQ 532 Павлодар (10:20) – Астана (11:45)
Жексенбі күндері:
IQ 531 Астана (20:20) – Павлодар (21:30)
IQ 532 Павлодар (22:00) – Астана (23:10)
Субсидияланатын әуе рейстерінің құны бір бағытта 15 000 теңгені құрайды.
Субсидияланатын әлеуметтік маңызы бар әуе рейстерінде 14 жасқа дейінгі балаларға әуекомпания 50% көлеміндегі жеңілдік ұсынады. Қолжүгін тасымалдау нормасы – 5 кг, жолжүктікі – 20 кг. Ұшу күні мен билеттерді қайтару кезінде ақша ұсталмайды.
Билеттерді flyqazaq.com ресми сайтынан, сондай-ақ әуекомпанияның сату кеңселерінде брондауға және сатып алуға болады.