Павлодарда бірқатар тұрғын үйлерде ыстық су болмайды

Себебі гидравликалық сынақтар жүргізіледі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
28 шілде мен 1 тамыз аралығында гидравликалық сынақтар оңтүстік желілік ауданда өтеді. Осы кезеңде ыстық су 29 қараша, Естай, Абай, Кривенко, Малайсары батыр, Қамзин, екінші Павлодар, Шығыс, Усолка, Зеленстрой, Дачный, Достық, Сарыарқа ықшам аудандарында болмайды.
Ал 2-6 тамыз аралығында сынақтар солтүстік желілік ауданда жүргізіледі. Осы уақыт аралығында ыстық су уақытша Қамзин, Малайсары батыр, Естай, Қабанбай батыр, Нұркин, Академик Марғұлан, Астана, Набережная, Олжабай батыр, Торайғыров, С. Нұрмағамбетов көшелерінде, Лесозавод, Химқалашық ықшам аудандарында тоқтатылады.
– Сынақтар жылу жүйелерінің жағдайын тексеру және алдағы маусымда ақаусыз қызмет етуін қамтамасыз ету үшін өткізіледі. Егер сыналатын құбырларда зақым анықталмаса, ыстық су беру техникалық мүмкіндікке қарай бірден қалпына келтіріледі. Ал ақау табылған желілер жөндеу жұмыстары аяқталған соң қосылады. Ыстық судың қайта қосылу мерзімі қосымша хабарланады. – деді ПАВЛОДАРЭНЕРГО мамандары.
Қала тұрғындарынан сынақ өтетін кезеңде жылу желілерінен сақ болу ескертіледі.