Павлодарда жеткіншекті көлік қағып кетті
2014 жылы туған бала ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 25 наурызда сағат 13:00-де Ак.Сәтбаев көшесімен келе жатқан LADA Granta автокөлігінің 25 жастағы жүргізушісі жолдан өтіп бара жатқан жаяу жүргіншіні қағып кеткен.
«Кәмелетке толмаған бала жолдың реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелінен өтіп бара жатқан. Салдарынан жарақат алған жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды, - деді департаментте.
Полиция аталған факті бойынша тексеріс жүргізуде. Көлік арнайы айып тұрағына қойылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасында ұл баланың травматология бөліміне жабық бас сүйек жарақаты, мидың шайқалуы және бастың бір бөлігінің жарақатымен жеткізілгенін хабарлады.