Павлодар облысы полиция департаментінің сенім телефондары жарияланды
Сенім телефондары тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
– Облыстық полиция департаментіндегі сенім телефоны көптеген жылдар бойы жұмыс істеп келеді. Бұл – полиция қызметкерлері құқықтарын бұзған азаматтармен қарым-қатынастың тиімді алаңы. Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствомен өзара тығыз іс-қимыл жасаймыз, – деп атап өтті облыстық полиция департаменті жеке қауіпсіздік басқармасының бастығы Гүлмира Жәнібекова.
Департаменттің қызметтері мен бөлімшелері қызметкерлерінің қызметін бақылаудың бірнеше әдісі бар.
– Мысалы, кеудеге арналған бейнетіркегіштердің көмегімен патрульдік полиция инспекторлары жұмысының сапасын ғана тексеріп қоймай, даулы мәселелерді шешуге болады. Бұл – сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың пәрменді шарасы, – дейді Гүлмира Жәнібекова.
Сонымен қатар, полиция қызметкерлерінің заңсыз және әдепсіз әрекеттері жағдайында @dp_pavlodar ресми парақшасына жүгінуге болады.
Полиция қызметкерлерінің заңсыз әрекеттерінің барлық фактілері бойынша 8 (718-2) 32-28-22 телефоны арқылы өзін-өзі қауіпсіздік басқармасының сенім телефонына хабарласуға болады.
Қылмыстық істерді тергеу мәселелері бойынша тергеу басқармасының сенім телефонына қоңырау шалуға болады: 8 (7182)32-18-85.
Полиция органдарының қызметіне қатысты барлық мәселелер бойынша полиция департаментінің кезекші бөліміне қоңырау шалуға болады: 8 (7182) 32-39-73
ІІМ Call-орталығының телефоны: 1402
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталығының телефоны: 1424
Телефон нөмірлеріне қоңырау шалу – тегін.