Екібастұзда Әуезов көшесінің бір бөлігі жабылады

Екібастұзда Әуезов көшесінің бір бөлігі жабылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қала күні тойланады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Осыған байланысты, 14 маусым күні сағат 16:00-ден бастап іс-шара аяқталғанға дейін Әуезов көшесінің бойындағы жол уақытша жабылады.

Жолдың жабылатын учаскесі «NRG» автожанармай құю бекетінен бастап Энергетиктер көшесінің қиылысына дейін (яғни, «Өнер» ҚМС жанындағы жол).

Қалалық тұрғын үй инспекциясы жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден алдын ала бағытты жоспарлап, қолайсыздықтарды болдырмау үшін аталған учаскені айналып өтуді сұрайды.