Павлодарда Радиозавод маңында бірнеше үй жарықсыз отыр

Павлодарда Радиозавод маңында бірнеше үй жарықсыз отыр

Авариялық өшіру болған орынға бригада шықты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар облысы бойынша 109 қызметінің хабарлауынша, 11:26 Павлодарда электрмен жабдықтау желілерінде авариялық ажырату орын алды.

Космонавтов көшесі, 1/50 және Космонавтов көшесі, 2 орналасқан үйлер жарықсыз қалды. 

Авариялық апатты жою үшін аталған мекенжайға бригада шықты.  Жарықтың қосылу уақыты апат жойылғанға дейін.

Фото: Константин Шелков