Павлодар облысында мәслихат депутаттары қайта сайланады

Павлодар облысында мәслихат депутаттары қайта сайланады
Фото: Ольга Бугаева

Үміткерлер шығып қалған халық қалаулыларының орнына бақ сынайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бос орындардың пайда болуына байланысты Қазақстанның 10 өңірінде және бір мегаполисте мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді.  

– Екі облыстық, жеті қалалық және 12 аудандық мәслихат депутаты сайланады, – деді орталық сайлау комиссиясында.

Тізімге Павлодар өңірінен басқа, Абай, Ақтөбе, Алматы, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Алматы кірді.

Үміткерлер 28 қыркүйекке дейін ұсынылады. Тіркелу 3 қазан сағат 18:00-ге дейін жүреді. Дауыс беру 29 қазанда өтеді.

Естеріңізге сала кетейік, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар, сотталғандығы белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алып тасталмаған, сыбайлас жемқорлық қылмыс және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсін сот заңда белгіленген тәртіппен таныған адамдар сайлану құқығына ие бола алмайды.