Павлодарда бүкіл қала жылусыз қалғаны туралы ақпарат – фейк

Павлодарда бүкіл қала жылусыз қалғаны туралы ақпарат – фейк
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Әлеуметтік желіде әйел адам қала толығымен жылусыз отырғаны туралы хабарлама таратқан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бүкіл қалада жылу жоқ. Апат орын алған. Қазір іске қосу жұмыстары жүргізілуде. Сондықтан терезелерді жабыңыздар. Түнде жылу болмауы мүмкін. Сіздерге хабар беремін. 1-ЖЭО-да  бір қазандық істен шыққан, 3-ЖЭО толығымен тұрып қалған. Тіпті, өндірістік аймақ жылусыз қалды, батарейлер суып, барлық ішкі желі тоқтап қалған, – дейді дыбыстық хабарламаның авторы. 

Павлодар қаласының әкімдігінде аталған хабарламаның шындыққа сай келмейтінін, қалада жылу беру штаттық режимде жүріп жатқанын хабарлады. 

Сондай-ақ «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ-да жылумен қамту желісі мен станция штаттық режимде жұмыс істеп тұрғанын мәлім етті. Ішкі кварталдарда ақаулар болған жағдайда жедел түрде жойылады. Толық ақпарат алу үшін компанияның @aopavlodarenergo инстаграм-аккаунтына жазуға кеңес береді.