Сенбіде Павлодар облысында жаңбыр жауады
Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Қазгидрометтің мәліметінше, 16 қыркүйек күні облыстың оңтүстігі мен шығысында жаңбыр жауып, найзағай күркірейді. Түнде ауа температурасы +7…+12 °C болса , ал күндіз +16…+21°C болады.
Павлодарда жауын-шашынсыз, бұлтты күн болады. Түнде сынап бағанасы +9…+11°C болса , ал күндіз +18…+20°C-қа дейін көтеріледі. Желдің жылдамдығы секундына 7-12 метрге дейін жетеді.