Екібастұздық оқушылар алдағы аптада қашықтықтан оқиды

Екібастұздық оқушылар алдағы аптада қашықтықтан оқиды

Бұл туралы Екібастұз қалалық білім беру бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

- 20-24 ақпан аралығында Екібастұз қаласындағы мектептер, колледждер мен қосымша білім беру ұйымдарының оқушылары қашықтықтан оқытуды жалғастырады. Балабақшалар кезекші топтар режимінде жұмыс істейтін болады, - деді білім беру бөлімінде.

«Екібастұзжылуэнерго» ЖШС деректері бойынша бүгінгі күні қалада жылу беру оңтайлы параметрге шығарылды, алайда білім беру ұйымдарына үй-жайларды жылыту және қажетті температуралық режимге қол жеткізу үшін уақыт қажет.

Білім беру ұйымдарында температура мониторингі күн сайын жүргізіледі.

Санитарлық нормаларға сәйкес температуралық режимге жеткен кезде мектептер, колледждер және қосымша білім беру ұйымдары жеке тәртіппен штаттық оқыту режиміне ауыстырылатын болады.

Фото: Константин Шелков