Павлодарда «Жаз-2023» шығармашылық жобалар байқауы басталды (ВИДЕО)

Павлодарда «Жаз-2023» шығармашылық жобалар байқауы басталды (ВИДЕО)

Байқауға облыстың қалалары мен аудандарынан 13 жоба ұсынылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Павлодар қаласы білім бөлімінің мәлімдеуінше, бүгін М.Катаев атындағы оқушылар сарайының базасында қалалар мен аудандардың білім бөлімдері арасында «Жаз-2023» шығармашылық жобалар байқауының I кезеңі өтті.

Аталмыш байқауда қатысушылар 3 кезең бойынша бақ сынайды. Қарсыластар балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын, сауықтыру мен бос уақытын қамтуды ұйымдастыру бойынша өздерінің шығармашылық жобаларын таныстырды.

Облыстың барлық 13 ауылдық- аймақтары өздерінің шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Онда теориялық бөлім мен демонстрациялық материалдарды қамтитын жобалар бар. 

- Байқауға қатысушылар жазғы кезеңде балаларымызға жақсы жазғы демалысты қамтамасыз ету үшін барлық бағыттарды қамтуға тырысты. Көптеген қызықты жобалар жүзеге асырылады және оң нәтиже береді деп үміттенеміз. Өйткені, балаларымыздың бос уақытын ұйымдастыру оқу-тәрбие процесінің басты міндеттерінің бірі, – деп атап өтті Павлодар облысының бала құқықтары жөніндегі уәкілі, конкурс комиссиясының өкілі Наталья Покидова.

Сайыста білім басқармасының, ата-аналар қауымының, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері мен педагогтер төрелік етеді.

Байқаудың екінші кезеңі жазғы демалыс кезеңінде ұсынылған жобаларды іске асыру жұмыстары болмақ. Содан кейін қатысушылар өз жұмыстарын қорытындылап, қорытынды презентацияны ұсынатын болады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Білім басқармасы (@bilim_basqarmasy)