Екібастұздықтар жылу ақысын 70 пайыз жеңілдікпен төлейді
Бұл жеңілдік наурыз айындағы шығындарға арналған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы "Екібастұзжылуэнерго" ЖШС хабарлады.
- Қаланы жылумен жабдықтауда температуралық кестенің сақталмауына байланысты 2023 жылдың наурыз айында жылумен қамтамасыз ету қызметі үшін нақты есептеудің 70 пайыздық жеңілідігі шығарылғаны туралы хабарлаймыз, - делінген серіктестік.
Компанияның мәліметінше, қазір мамандар қаланың магистральдық және орамішілік желілеріндегі температуралық параметрлерді реттеп жатыр.
Сондай-ақ, жылу бойынша мерзімі өткен дебиторлық берешегі бар барлық тұтынушыларға өсімпұл есептелмейді.
Естеріңізге сала кетейік, Екібастұз тұрғындары ақпан айында осындай жеңілдікке ие болған болатын.