13 қарашада Павлодар облысында аздаған қар жауады

13 қарашада Павлодар облысында аздаған қар жауады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 3-8 метрге жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, облыста түнде ауа температурасы -3...-8°C болады. Облыстың оңтүстігінде аздаған қар жауады. Оңтүстікте, шығыста және облыс орталығында тұман түседі.

Күндіз ауа температурасы -1...+4°C болады. Жауын-шашын болмайды. Облыстың оңтүстігі, шығысы және орталығында тұман сақталады.

Павлодарда түнде ауа температурасы -4...-6°C болады. Аспанды бұлт торлайды, жауын-шашын болмайды. Тұман түседі.

Күндіз 0...+2°C. Аспанды бұлт торлап, жауын-шашынсыз болады. Тұман түседі.