Елімізде үш ауысымда оқытатын неше мектеп бар

Елімізде үш ауысымда оқытатын неше мектеп бар

Қазақстанда 70-тен астам мектеп апатты деп танылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі таңда елімізде 71 мектептің ғимараты апатты деп танылған. 136 мектеп үш ауысымда оқытады», - делінген Оқу-ағарту министрлігінің «ҚазАқпарат» агенттігіне берген жауабында.

Бұл тұрғыда ведомство қай өңірлерде үш ауысымдағы және апатты мектептер мәселесін шешу керек екенін нақтылады.

«Проблемалық мектептердің саны Алматы (53), Батыс Қазақстан (26), Түркістан (20), Маңғыстау (17), Атырау (16) облыстарында басым», - деп аталып өткен министрлік ақпаратында.

Бұдан бұрын хабарланғандай, 2025 жылы үш ауысымды және апатты жағдайдағы мектептер проблемасын толық шешу жоспарланған.

Биыл Атырау облысында апатты мектептер проблемасы толық шешіледі.

Шымкентте де үш ауысымды мектептердің мәселесі осы жылы толығымен шешіледі.