Еліміздің ауыл шаруашылығында мал басы мен құс саны артты

Еліміздің ауыл шаруашылығында мал басы мен құс саны артты
Фото: Константин Шелков

Осыған орай, биыл ауыл шаруашылығына арналған техникалар жаңартылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Primeminister.kz  редакциясының мәліметінше, биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда еліміздің ауыл шаруашылығында мал басы мен құс саны артты. Ірі қара мал (ІҚМ) – 8,2 млн бас (120,6%), оның ішінде сиыр – 4,4 млн бас (123,3%), жылқы – 4,1 млн бас (104,9%), түйе – 2,8 млн бас (104,7%). Сүт өндірісі 3 млн тоннаға (104,2%) жетті, оның 1 млн тоннасы (107,5%) ауыл шаруашылығы құрылымдарында өндірілді. 

Тауық жұмыртқасын өндіру 3,7 млрд данаға дейін (100,9%) жетті, оның ішінде ауыл шаруашылығы құрылымдарында 3,1 млрд данаға дейін (101,5%) ұлғайды. 

Жергілікті атқарушы органдар деректеріне сәйкес, республика бойынша 2024-2025 жылдардағы қыстау кезеңінде 35,2 млн тонна шөп немесе жоспардың 143,9%-ы, 2 млн тонна пішен не жоспардың 117,9%-ы, 5,1 млн тонна сабан немесе жоспардың 111,9%-ы, 2,3 млн тонна сүрлем немесе жоспардың 117,9%-ы, сондай-ақ 5,8 млн тонна жем не жоспардың 104,4%-ы дайындалды.

Сондай-ақ, дайындалған мал азығының көрсетілген көлемі өнім мен төл алудың жоспарлы көлемін, жалпы мал басының сақталуын, толыққанды азықтандыруды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.