Павлодарлық «Ертіс» қарсыластарына дес берген жоқ

Павлодарлық «Ертіс» қарсыластарына дес берген жоқ
Фото: Валерий Бугаев

Алайда қарсыластар жергілікті команданың қақпасына бір допты салып үлгерді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Орталық стадионда павлодарлық «Ертіс» футбол командасы мен «Жетісу жастар» құрамасы кездесті. Ойынның бірінші кезеңінде ертістіктер басымдылық көрсеткенімен есеп ашылмады. Екінші таймда ойын есебін пенальти соққысымен Арман Смаилов ашты. 

Көп ұзамай «Жетісу» командасының ойыншылары есепті теңестіріп, гол соқты. Кейін жергілікті футболистер Айхан Ержанов, Руслан Есимов, Бахтияр Төлеуов қатарынан үш гол салып, ойынды 4:1 есебімен аяқтады. 

– Командамыз талпыныс, тактиканың арқасында жеңіске жетті. Барлық шабуылдарды іске асыра алған жоқпыз. Қарсылас команда да осал емес.  Бір өкіндіретіні бір допты қақпамызға өткізіп алдық, – дейді «Ертіс» футбол клубының қақпашысы Қанат Баязит. 

Еске сала кетейік, Астана қаласында өткен соңғы кездесуде павлодарлық команда «Жеңіс» командасымен ойнап, 5:0 есебімен ұтқан болатын.