Ертіс ауданында полицейлер жолда тұрып қалған көлікті шығаруға көмектесті
Жүргізуші тәртіп сақшыларына алғысын айтуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, ПД басшысы Василий Склярдың атына Екібастұз қаласының тұрғыны Жеңіс Бекжігітов учаскелік полиция инспекторы Қанат Сыздықов пен жедел уәкіл Аспандияр Әміреновке жазған алғыс хат келіп түсті.
–17 қарашада сағат 23:00 шамасында Ертіс ауданының Сілеті ауылына жол жүріп бара жатқанмын. Ертіс ауылы - Русская Поляна автожолында Панфилов ауылының маңында 32 шақырым жерде менің көлігім сынып қалды. Мен бірнеше рет жолдан шығуға тырыстым, бірақ көлік қозғалмады. Қатты тұман түсіп, жаңбыр жауды, – деп жазылды алғыс хатта.
Хат авторының сөзінше, көп ұзамай полиция көлігі тоқтап, оның жолда тұрған себебін сұрады.
– Жігіттер көп ұзамай, көлікті сүйреп апарып, бірден өз көмегін көрсетті. Мен полиция қызметкерлеріне көрсеткен көмегі үшін алғыс айтқым келеді және олардың қиын қызметінде сәттілік тілеймін,– деді Жеңіс Бекжігітов.
Көмек еткен полицейлердің айтуынша, олар түнде жедел әрекет ету тобының құрамында мал ұрлығы мен бөтен мүліктің алдын алу бойынша жолға патрульге шыққан болатын.
– Қиын жағдайда азаматтарға көмектесу-біздің кәсіби міндетіміз. Бірақ мұндай алғыс сөздер одан әрі жемісті қызмет етуге үлкен мотивация береді,–дейді полицейлер.
Облыстық ПД жүргізушілерге ауа райының нашарлауы туралы sms-хабарламаларға назар аударып, сапарларға мұқият дайындалу керектігін еске салады. Сондай-ақ, көлік құралдарының техникалық жарамдылығын тексеру аса маңызды. Сапарда өзіңізбен бірге жылы заттар, телефон қуаттағыш, автокөлікті жөндеуге арналған құралдар болуы қажет.