Май ауданында 300 келіге жуық мөңке балығы заңсыз ауланды

Май ауданында 300 келіге жуық мөңке балығы заңсыз ауланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Браконьердің рұқсат құжаты болған жоқ, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазанның 20-нан бастап өңір аумағында табиғатты қорғау заңнамасын бұзу фактілерін анықтау, биологиялық ресурстар мен олардың өнімдерінің заңсыз айналымын болдырмау, экологиялық қылмыстарды ашу мақсатында «Браконьер» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр.

– Рейдтік іс-шаралар барысында полиция қызметкерлері табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың 111 фактісін анықтады. Мысалы, Май ауданында «Нива» маркалы автокөлік тоқтатылып, тексеру кезінде азаматтардың тиісті рұқсат құжаттарынсыз аулаған жалпы салмағы 278 келіден асатын мөңке тұқымдас балық табылды. Барлық құқықбұзушылықтар бойынша тексерулер жүргізілуде, – деді облыстық полиция департаментінде.

Полиция табиғатты қорғау заңнамасын бұзудың әкімшілік, ал кейбір жағдайларда қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салады.