Ақсуда Tugan Qala жобасының жаңа кезеңі басталды
Үш жыл ішінде жобаны іске асыру барысында қатысушылар мен қаржыландыру көлемі өсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Егер 2021 жылы 46 өтінім болса, 2022 жылы олардың саны екі есеге өсіп, 2023 жылы 114-ке жетті.
Жоба идеясы қарапайым – тұрғындар өз қалаларын абаттандыру туралы ұсыныстар айтады, ал ERG компаниясы мен әкімдік олардың ең қызықты және қажеттісін жүзеге асырады.
– ERG компаниясы жүзеге асыратын барлық жобалар – бұл әрқашан жоғары сапа белгісі, әрқашан идеядан іске асыруға дейінгі жоғары деңгей, – деді Нұрлан Дүйсембинов. – Сонымен қатар, осы бағдарламалық жобаларға қатысатын компаниялар қатаң түрде таңдалады.
Биыл ERG компаниясы Tugan Qala жобасын қаржыландыруды ұлғайтты және оған 130 миллион теңге бөлді.
Бір инфрақұрылымдық жобаның құны 13 миллион теңгеден, ал іс-шаралардың құны 4 миллион 300 мың теңгеден аспауға тиіс.
– Біз адамдардың кетпей, осында жұмыс істеп, өмір сүруі үшін моноқалалардың өмірін жақсартуды мақсат етіп отырмыз, – деді «Еуразиялық топ» ЖШС мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі басшысы Мәди Исмаилов.
Ең бастысы, Tugan Qala жобасының бастапқы кезеңінде ақсулықтар өз аулалары бойынша ғана идеялар ұсынса, қазір көшелер, саябақтар, жағажай кірген. Соңғы идея қаланың дамуына бей-жай қарамайтын тұрғындар Айсұлу Әмірова мен Максим Дундуковтың бастамасымен пайда болды.
Tugan Qala тұжырымдамасы Белая тармағының батпақты жағасын демалыс орнына айналдырды. Айта кетерлігі бұл жай ғана шатырлар, шезлондар, әткеншектері бар жағажай емес. Инклюзивті жол және арнайы көтергіш мүмкіндігі шектеулі демалушылар үшін өзенге түсетін қолжетімді етеді.
– Ең алдымен, Tugan Qala – үнемі өзгеріп отыратын жанды жоба. Себебі ол тұрғындарды өз қаласымен тығыз байланыста болуды, оның дамуына үлес қосуды үйретеді, – дейді «Әлеуметтік технологияларды дамыту қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің басшысы Сәния Арапова.
Жобаның жаңа құрамдас бөлігі Ақсу тұрғындарының үлкен қызығушылығын тудырды – инфрақұрылымдық бағытқа іс-шаралар өткізу қосылды.
Енді қала тұрғындары өз қалаларын қалай түрлендіру туралы ғана емес, сонымен қатар оның мәдени және спорттық өмірін қалай әртараптандыру туралы өз ойларын қоса алады. Алғашқы рет Ақсу қаласында мүмкіндігі шектеулі жандар арасында үстел теннисінен республикалық ашық турнир өтті, оған Қазақстанның он қаласынан 25 спортшы және «Жеті қазына» фестивалі келді. Мәмәйіт Омаров ауылында өткен мерекеде екі жүзден астам адам қонақ болды. Олар садақ ату, қазақ күресі, асық ату турнирлеріне, сондай-ақ ат жарыстарына қатысты.
Ақсу жобалық орталығының кеңесшісі Юлия Айдарғазының айтуынша, тағы екі қызықты іс-шара жоспарлануда: «Родные напевы» орыс әні хорының 40 жылдығы мен «Музей нашего города» фестивалі.
Ақсу қаласының Құрметті азаматы, шаһардағы Tugan Qala жобасының GR-ассистенті Александр Крылов қалаға қатысты негіздемесі және қаржылық есептеулерімен өзекті идеясы бар, 16 жастан асқан кез келген Ақсу тұрғыны инфрақұрылымдық немесе іс-шаралық жобаның капитаны бола алатынын атап өтті.
Мұндай ұсыныстарды 2024 жылдың 28 тамызынан бастап енгізуге болады. Дәл осы күні Tugan Qala жобасының кезекті циклі басталды. Өтінімдерді қабылдау бір айдан кейін 27 қыркүйекте аяқталады.
Бір адам үш ұсыныстан артық бере алмайды. Идеяларды tugan-qala.kz порталында ұсынған абзал. Қала үшін ең қызықты және қажетті жобаға дауыс беру басталмас бұрын оларды сараптамалық кеңес зерттейді, содан кейін жобалық сессия пысықталады.
Жобаларды іске асыру келесі жылдың мамыр айында басталады. Маңызды сәт – барлық жобалар немесе іс-шаралар тек Ақсу қаласында өтуі тиіс.
Барлық сұрақтармен жұмыс күндері сағат 10:00-ден 18:00-ге дейін «жедел желі» телефондары арқылы хабарласуға болады: +7 (747) 638-15-25, +7 (771) 532-24-63.
Tugan.qala.aksu Instagram парақшасында жобаға қатысты жаңалықтар жарияланады.