Ертіс ауданының оқушылары шекарашылардың жұмысымен танысты
Северный ауылында «Ертіс» шекара заставасымен бірлесіп, әскери-спорттық іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Шоқан Уәлиханов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің АӘД мұғалімі және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері «Шекарашылардың жас достары» бейінді әскери-патриоттық клубының жұмысы шеңберінде «Сарбаз» әскери-патриоттық және спорттық-сауықтыру лагерінің бағдарламасын әзірледі.
Іс-шараға ауданның төрт мектебі және Ресей Федерациясының 14-16 жастағы оқушылары оффлайн форматта қатысты. Аталған лагерь жұмысы аясында «Ертіс» шекара заставасымен бірге «Жас шекарашы» әскери-спорттық іс-шарасы ұйымдастырылды.
– Бағдарлама аясында взводтар бойынша АК-74 уақытқа толық емес бөлшектеу және жинақтау нормативін орындау, әскерилендірілген кросс яғни, сөреден шығу, АК шашып жинау, кедергілерден жүгіріп өту, ПВ мылтығынан ату, мәреге жүгіріп келу, оқжатарды толық қаруландыру және қарусыздандыру, шатырды уақытқа құру сияқты жарыстар ұйымдастырылды, – деді мектеп директорының тәрбие жөнінен орынбасары Динара Аулабаева.
Жарыстардан кейін кейін застава басшысы және «Ертіс» шекара заставасының жеке құрамы мен қолбасшылығы «Әскери қару. Шекарада қандай қару және қалай қолданылатының үйрету», «Шекаралы өзен аймағын бақылайтын катерлерін көрсету», «Шекарадағы қызметтік иттің шекара бұзушылардың ізіне түсумен оларды ұстау» әдістерімен таныстырды.
– Іс-шара аясында «Әскери-далалық ас үйі», яғни «Уха» тамағы барша қатысушыларға тартылды. Оны дайындауға оқушылар да қатысып, жақсы әсер алды, – деді спикер.
Өздерінің әскери алғашқы дайындық бағытында дағдыларын және шеберліктерін көрсете білген әр мектеп құрамасы командалық және жеке марапаттарға ие болды.