Ертең Павлодарда ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтеді
Өнімдерді үш аудан ұсынады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Жәрмеңкеге Железин, Павлодар, Шарбақты аудандары мен Павлодар тауар өндірушілері қатысады. Сатып алушылар көкөністер, жұмыртқа, бал, сүт өнімдерін сатып ала алады.
- Сондай-ақ күн сайын фермерлер нарығында нарықтық бағадан 10-15 пайызға төмен бағамен ет сатылады. Сенбі күндері осындай жәрмеңкелер Екібастұзда "халықтық" базарында, Ақсуда "Ауыл базарларында", сондай – ақ өңірдің он ауданында ұйымдастырылады, - деп хабарлады Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы.
Павлодарда фермерлер базары сейсенбіден жексенбіге дейін сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін, Торговая көшесі, 2 А құрылыс (Космонавтов және Торговая көшелерінің қиылысы) бойынша жұмыс істейді.