Павлодар облысында Жаңа жылдық кеште жылы болмақ

Павлодар облысында Жаңа жылдық кеште жылы болмақ
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Синоптиктер желтоқсан айының соңғы аптасына арналған ауа райы болжамымен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

«Қазгидромет» РМК-ның хабарлауынша, 26 желтоқсанда күндіз аймақтың басым бөлігінде қар аралас жаңбыр жауады. Түнде ауа температурасы -3...+2°С, ал күндіз 0...+5°С жылы болады.

27 желтоқсан күні де жауын-шашын күтіледі. Сынап бағанасы түнде -3...-8°С, ал күндіз -3...+2°С көрсетеді. 

28 желтоқсанда боран соғып, көктайғақ болады деп болжануда. Ауа температурасы түнде -0...-5°С, ал түнде -2...+3°С-қа дейін жылынады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыс бағытында секундына 9-14 метрге, ал облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрге дейін соғады. 

29 желтоқсанда жаңбыр аралас қар жауады. Сынап бағанасы түнде -3...+2°С, күндіз 0...+5°С-ты көрсетеді. 

Сенбіде облыстың басым бөлігінде қар жауады. Түнде -3...-8°С, ал күндіз -0...-5°С болады. 

31 желтоқсан күні де қар жауады деп болжануда. Ауа температурасы -3...-8°С, ал күндіз -0...-5°С жылы болады. Желдің жылдамдығы оңтүстік-батыста секундына 9-14, облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 метрге дейін соғады.