«Ертіс» Астанада ойнайды

«Ертіс» Астанада ойнайды
Фото: Ольга Бугаева

Команда турнир кестесінің жетінші орнында тұр, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Бүгін Сергей Якушин шәкірттері Екінші лигадағы жарысын «Жеңіс» жастарымен болатын ойынмен жалғастырады. Соңғы кездесуде павлодарлықтар күтпеген жерден «SD Family Ж» командасына жол берген. Бұл матч осы клубтың стадионы – «Sydykbek Arena» алаңында өткен еді.

Бүгінгі кездесуде дәл осы стадионда өтеді. Қарсылас Екінші лига кестесінің 11-орнында келеді, қоржында бірде-бір ұпай жоқ. Осының бәрі бір жағынан «Ертіс» жанкүйерлеріне сенім ұялатса, екінші жағынан командаға қосымша жауапкершілік жүктейді. 

Неге десеңіз, Бірінші лигаға шығу мақсатын көздеп жүрген командада «SD Family» қосалқы құрамына ұтылғаннан кейін психологиялық қысым пайда болғаны анық. Оның үстіне, павлодарлықтар аутсайдерлердің бірінен айласын асыра алмаған жағдайда жанкүйерлер мен облыс басшылығы футболшыларға жылы қабақ таныта алмайды.

Сол себепті «Ертіске» бұл кездесуде тек қана жеңіс керек. Ойын 24 сәуірде сағат 15.30-да басталады. Тікелей көрсетілмді qfl.kz сайты немесе QFootball, Qarena арналарынан көруге болады.