Павлодарлық футболшы қыз ұлттық құрамаға шақырту алды

Павлодарлық футболшы қыз ұлттық құрамаға шақырту алды
Фото: Константин Шелков

Ол «ЕВРО-2025» чемпионатына қатысу үшін таласатын болады, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Футболдан Қазақстан әйелдер құрамасының мәліметінше,  «Ақсу 2006-2007» қыздар командасының жартылай қорғаушысы Аяжан Қожабекова Қазақстанның ұлттық әйелдер құрамасына шақырылды. Әзірге іріктеу ойындары жалғасуда. 

12 шілде күні Қазақстан әйелдер құрамасы Алматыда Румыния құрамасын қабылдаса, 16 шілдеде Софияда Болгариямен ойнайды.

Айта кету керек, Қазақстанның ұлттық әйелдер құрамасының бас бапкері – Мадияр Кембілов.