Ертіс ауданының жас сарапшысы: Реформа – заман талабы
Жас маман жерлестерін маңызды күні дұрыс шешім қабылдауға шақырды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ертіс ауданының жас сарапшысы Нұрсұлу Дәрігерханның айтуынша, Ата Заңға реформа қажет.
– Өйткені уақыт өзгерген сайын заңдар да, ережелер де, жүйе де жаңарып отыруы тиіс. Егер бәрі бұрынғыдай қала берсе, даму болмайды. Мысалы, білім саласындағы реформа оқушыларға сапалы білім алуға көмектессе, бұл - жақсы өзгеріс, – дейді ол.
Жас маман реформа тек қағаз жүзінде қалмай, болашақта халыққа шын пайдасын тигізуі керек деп санайды.
– Сонда ғана адам өмірі жеңілдеп, барлық жағынан мүмкіндіктері артып, реформа нәтижелі болады, – деді Нұрсұлу Дәрігерхан.
Айта кетейік, 15 наурыз күні республикалық референдум өтеді.