Ақсуда су өшіріледі

Ақсуда  су өшіріледі
Фото: Константин Шелков

Б. Момышұлы көшесіндегі диаметрі 150 мм магистральдік ысырма ауыстырылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

 «Ақсу су арнасы» КМК  мәліметінше, осыған байланысты 6 наурызда сағат 22:00-ден жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін келесі мекенжайлар бойынша су болмайды:

Әуезов көшесі, 77, 69, Б 

Б. Момышұлы көшесі, 2, 4, 6, 6А, 1, 12, 15, 11, 13, 17, 19, № 1 ОМ, «Космос», «Пахомовский» дүкендері.

Жұмыс барысы туралы ақпаратты 5-00-71 телефоны арқылы білуге болады.

Шақыру бойынша су тасу ұйымдастырылады. 

Компанияда келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.