«Ертіс орманында» фототұзақтарға борсық пен сілеусін ілікті

Бұл – ғылыми жобаның нәтижесі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Мемлекеттік орман табиғи резерватының мәліметінше, орман аумағында заманауи цифрлық технологияларды қолдана отырып, жабайы жануарлар популяциясын зерттеу бойынша ғылыми жоба жүзеге асырылуда.
– Жоба «Жас ғалым» бағдарламасы аясында, PhD, Торайғыров университетінің қауымдастырылған профессоры (доценті) Зарина Серғазинованың жетекшілігімен жүргізілуде. Зерттеу барысында фототұзақтар мен геоақпараттық жүйелер (ГИС) қолданылып, жануарлардың саны, таралу аймағы мен экологиялық ерекшеліктері бақылануда, – деді «Ертіс орманы» баспасөз қызметі.
Фототұзақ алғаш болып орманның сирек кездесетін мекендеушілері – сілеусін мен борсықты түсіріп алған. Жиналған деректер жануарларды қорғау және табиғи ресурстарды тиімді әрі тұрақты пайдалану бойынша ұсыныстар әзірлеуге негіз болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram