Ертіс өзенінде суға бата жаздаған ер адам құтқарылды

Құтқарушылар оны қайықпен жағаға шығарды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Павлодар қаласының «Орталық жағажай» ауданында Ертіс өзенінде патрульдеу кезінде ТЖМ құтқарушылары суда шомылу аймақтарын қоршауға арналған қалтқылардан асып кеткен ер адамды байқады.
– Құтқарушылар көмекке асығып, судан 1993 жылы туған ер адамды алып шығып, оны қайыққа мінгізіп, жағаға жеткізді, – деді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінде.
Құтқарылған адам медициналық көмекке мұқтаж болмады.