Павлодарда екі көлік соқтығысты

Оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 2 қыркүйек күні «ВАЗ-2107» автокөлігінің жүргізушісі ауладан шыққан сәтте жол бермей, «Kia» маркалы көлікпен соқтығысқан.
Ведомство өкілдері жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккендер жоқ екенін атап өтті. Қазіргі уақытта тексеру жүргізілуде.
Посмотреть эту публикацию в Instagram