Еңбегі еленді: павлодарлық әйел мемлекеттік наградаға лайық деп танылды

Наградтау туралы жарлыққа ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
ҚР Президентінің ресми сайтының мәліметінше, мемлекеттік және қоғамдық қызметтегі сіңірген еңбегі, елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны үшін «Қазақстан Алюминийі» АҚ гидрометаллургы-аппаратшысы Гүлнар Қанапина «Құрмет» орденімен марапатталды.