«Ирина Кайратовна» Павлодардан кейін Еуропаны бағындыруда

«Ирина Кайратовна» Павлодардан кейін Еуропаны бағындыруда

Музыканттар кеше Чехия астанасы Прагада өнер көрсетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Топ өзінің Instagram парақшасында көрермен қауымға алғыс айтып, келесі концерттерге шақырды. Тур барысында «Ирина Кайратовна» HIRO және DJ Puza-мен бірге сахнаға шығып жүр.

Прагаға дейін музыканттар Берлин, Варшавада ән айтты. Ендігі кезекте Париж, Амстердам тұр. Осымен қазан айындағы тур аяқталып, қараша айында «Ирина Кайратовна» Стамбулға барып, 10 қазанда Семейге келеді. 

Айта кетейік, топ 10-11 қазанда Павлодарда концерт қойған болатын.

Топ 2017 жылы әзілкештер ретінде танымал болды. Кейіннен олар YouTube платформасына көшіп, ән жаза бастады. 

«Ирина Кайратовна» құрамы Л. Гумилев атындағы Еуразиялық университеті Қуаныш Бейсеков (режиссёр), Алдияр Жапарханов (әзілдер авторы), Азамат Маркленов (продюсер), Жасұлан Оңғаров, Илья Гуменный (композитор), Ұлан Қайраласов (импровизатор) секілді студенттерінен құрылған. 

«Ирина Кайратовна» деген ат кездейсоқ пайда болды, дейді топ мүшелері.

Фото: ашық дереккөздерден