Испанияда алапат су тасқыны болды

Испанияда алапат су тасқыны болды
Фото: pixabay.com

Испанияда алапат су тасқыны тұрғындарды әбігерге салды, деп хабарлайды 24kz. 

Елдің солтүстік-батысында бір сағаттың ішінде жауын-шашынның рекордты мөлшері түскен. Әсіресе Каласпарра мен Альтиплано елді мекені тұрғындары қиындыққа тап болған. Себебі, су егіс алқаптарын шайып кеткен. 

Сондай-ақ Мурсия провинциясында қауіп-қатердің «сары» деңгейі жарияланды. Мальорка аралында Пальма әуежайында су ұшу алаңдарына және ғимараттарға дейін кіріп кеткен. Әуежай жұмысын уақытша тоқтатуға мәжбүр.