Павлодар облысында шегірткеге қарсы өңдеу қашан басталады?
Өңірлерде шегіртке зиянкестеріне қарсы аумақтарды химиялық өңдеу жалғасуда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметінше, ағымдағы жылы үйір шегірткелердің таралуы 2,5 миллион гектар аумақты қамтиды деп болжануда, ең көп таралу аймағы Ақтөбе, Қостанай және Түркістан облыстарына тиесілі.
Химиялық өңдеуге 427 арнайы бүріккіш техника жұмылдырылған.
Алматы, Атырау, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстарында 246 мың гектар алқап өңделді. Өңделетін аумақтар анықталған жағдайда Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстан және Ұлытау облыстарында химиялық өңдеу жұмыстары басталады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі қорғаныс шараларын уақтылы ұйымдастыру бойынша кешенді шаралар қабылдауда.
Министрлікте шегіртке зиянкестері көп таралған аймақтардың тұрғындарынан үйірлі шегірткелерді байқаған жағдайда дереу аудандық штабқа хабарлауды сұрайды.