Павлодарда 17 қыркүйекте бірқатар нысан жарықсыз қалады

Павлодарда 17 қыркүйекте бірқатар нысан жарықсыз қалады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Жоспарлы жөндеу жұмыстарына байланысты электр энергиясын беру сегіз сағатқа дейін уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ мәліметінше, сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Ак. Бектұров көшесі, 97 мекенжайындағы №1 балалар-жасөспірімдер спорт мектебінде, Кривенко көшесі, 45 мекенжайындағы әкімшілік ғимаратта және Кривенко көшесі, 47-дегі доктор Маликовтың мануалды терапия клиникасында электр энергиясы болмайды.

Осы уақыт аралығында Мәшһүр Жүсіп көшесі, 80 мекенжайындағы «MELANGE» мейрамханасы, Мәшһүр Жүсіп көшесі, 84-тегі әкімшілік ғимарат және «Гранд Вояж Тур» туристік агенттігі де жарықсыз қалады.

Сондай-ақ сағат 9:00-ден 17:00-ге дейін Қайырбаев – Желтоқсан – Кривенко – Ак. Бектұров көшелерімен шектелген аумақтағы жеке тұрғын үйлерде электр қуаты уақытша ажыратылады.