Павлодарда алдағы күндері қандай спорттық жарыстар өтеді
Қала тұрғындары хоккей мен футбол матчтарын тамашалай алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз хатшысы Константин Музалевскийдің мәліметінше, алдағы күндері облыс орталығында бірнеше спорттық іс-шара өтеді.
11 қыркүйекте «Астана» мұз сарайында «Ertis» пен «Beibarys» хоккей командалары кездеседі. Pro Hokei Ligasy ресми күнтізбесіне сәйкес, ойын сағат 19:00-де басталады.
Павлодарлық хоккейшілер жаңа маусымда бұған дейін төрт кездесу өткізді. «Ertis» елордалық «Nomad» командасына 1:5 және 1:14 есебімен, «Almaty» клубына 2:6 есебімен есе жіберді. Алматы командасымен екінші кездесуде павлодарлықтар негізгі уақыттан кейін тең есепті сақтап, овертаймда 3:4 есебімен жеңілді.
13 қыркүйекте спорттық бағдарлама футболмен жалғасады. Қазақстан Премьер-лигасының 26-туры аясында «Ертіс» Павлодардың Орталық стадионында Көкшетаудың «Оқжетпес» командасын қабылдайды. Матч сағат 16:00-де басталады.
Қазақстан Премьер-лигасының ресми кестесіне сәйкес, «Оқжетпес» 24 ойыннан кейін 42 ұпаймен төртінші орында тұр. Көкшетаулықтар 12 рет жеңіске жетіп, алты кездесуді тең аяқтап, алты матчта жеңілген. Доп айырмасы – +5.
«Ертіс» 23 кездесуден кейін 20 ұпай жинап, 15-орында келеді. Павлодарлықтардың еншісінде төрт жеңіс, сегіз тең ойын және 11 жеңіліс бар. Доп айырмасы – -10.