Павлодарлық грэпплингшілер Қазақстан чемпионатында жеті алтынға қол жеткізді
Дода барысында павлодарлық спортшылар 22 медальға қол жеткізді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Павлодар облысының құрамасы грэпплингтен Қазақстан Республикасының чемпионатында сәтті өнер көрсетті. «Грэпплинг-Ги» дисциплинасында команда жалпыкомандалық есепте екінші орынға ие болды.
Павлодарлық спортшылар жеті алтын, жеті күміс және сегіз қола медаль жеңіп алды.
Чемпионат жеңімпаздары қатарында Матвей Палкин, Карим Алибай, Біржан Ермек, Милана Гайдаренко, Сальсабиль Кунаева, Зере Алибай және Данеля Темиргалина бар.
Күміс жүлдеге Карима Оразалина, Ибрахим Смаилов, Болатбек Кенжетаев, Батырғали Ақтанов, Абылайхан Қайрақбаев, Мансұр Темірбай және Эльмира Ұзақбаева ие болды.
Ал қола жүлдені Абдулазиз Қайыржан, Эльмир Мамедов, Рахымжан Серкбай, Роман Лопатин, Аделя Сансызбай, Арнур Қайыргелды, Анэля Умерзакова және Виктория Леженина жеңіп алды.
Әрбір жүлде спортшылар мен жаттықтырушылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі. Сондай-ақ жарысқа қатысушыларды дайындауға олардың ата-аналары да өз үлесін қосты.