Павлодар облысының үш ауданында фенологиялық бақылау жүргізілді

Павлодар облысының үш ауданында  фенологиялық бақылау жүргізілді
Фото: Константин Шелков

10 мамыр күні аймақтың қай аудандарын өңдеуден өтетіні белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыцстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының мәліметінше, таңғы 05:00-ден бастап бастап Ақтоғай ауданының АК-3 әуе өрісін және Ақсу қаласының жайылмасының 16 әуе өрісіне авиаөңдеу жасалды.

Сағат 10:00-ден бастап А-3 әуе өрісінің алаңын және Ақтоғай ауданының АК-3 әуе өрісінің шеттеріне жаяу өңдеу жоспарланды. Бұл жұмыстарды «QSM Engineering» ЖШС облыстық мердігерлік ұйымы атқаруда.

Сонымен қатар, «ТЕК.А.ТЕК.kz» ЖШС облыстық мердігерлік ұйымы сағат 10:00-ден бастап Павлодар, Ақсу, Ақтоғай және Тереңкөл аудандарының жайылмаларын фенологиялық бақылаудан өткізеді.

Еске сала кетейік, 3 мамыр күні аймақ басшысы мердігерлердің жұмысын өзі бағалап қайтқан болатын. Шыбын-шіркейді жою жұмыстарына 4 ұшақ жұмылдырылды.