Израильдегі теракт: қаскөй көлігімен бір топ адамды жапырып өтті
Израильдің Тель-Авив қаласында қаскөй көлігімен бір топ адамды жапырып өткен, содан кейін оқиға орнына шұғыл келіп жеткен полиция қызметкерлеріне оқ жаудырған, деп хабарлайды Zakon.kz.
Салдарынан бір адам қаза тауып, тағы жетеуі жарақат алды.
Лаңкестің көзі жойылды. Израильдің Сыртқы істер министрлігі бұл оқиғаны лаңкестік шабуыл деп атады. Қаза тапқан адамның Италиядан келген турист екенін жеткізді. Жаралылар да туристер болып шықты.
Бұрын Израиль әскери-әуе күштері Палестинаның Газа секторына әуеден шабуыл жасаған.