«Шэньчжоу-19» ғарыш кемесі орбиталық станциямен түйісті

«Шэньчжоу-19» ғарыш кемесі орбиталық станциямен түйісті
Фото: Синьхуа

Қытайдың «Шэньчжоу-19» ғарыш кемесі ҚХР орбиталық станциясымен түйісті. Оның экипажында үш адам, соның ішінде елдегі алғашқы ғарыш инженері – әйел бар, деп хабарлайды kaz.inform.kz тілшісі ВВС сайтына сілтеме жасап. 

Бұған дейін Қытайдың солтүстігіндегі Цзюцюань ғарыш айлағынан үш тайконавты бар кеме сәтті ұшырылып, жер маңайындағы орбитаға шыққан болатын.

Экипаж Қытай ғарыш станциясын алты ай бойы тәжірибелер мен ғарыштық серуен жүргізу үшін база ретінде пайдаланады. Бейжің 2030 жылға дейін айға адамды қондыру жөніндегі болашақ миссиясы үшін тәжірибе мен интеллект жинап отыр.

Бұрын хабарланғандай, құрамында үш тайконавт бар «Шэньчжоу-19» кемесі станцияда 2025 жылдың сәуір айының аяғы немесе мамыр айының басына дейін болады.

Орбитада «Шэньчжоу-19» экипажы жүк таситын «Тяньчжоу-8» ғарыш кемесінің станцияға түйісуін бақылап, «Шэньчжоу-20» басқарылатын ғарыш кемесі экипажын қарсы алады.

Экипаж мүшелері 4 қарашада жерге оралады.

Экипаж құрамында «Шэньчжоу-19» кемесінің бортинженері алғашқы қытайлық әйел бар.