Кенжекөлде ер адам ысты газдан уланды

Кенжекөлде ер адам ысты газдан уланды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Өрт сөндірушілер жанып жатқан үйден 1964 жылы туған ер адамды алып шыққан, деп хабарлайды  @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.50-де Кенжекөл кентінде екі қабатты жеке тұрғын үйде үй заттары мен жиһаз жанғаны туралы хабарлама түскен.  

Төтеншеліктер зардап шеккен адамды жедел жәрдем қызметкерлеріне тапсырған. Өрт 25 шаршы метр алаңда сөндірілді, себебі анықталуда.