Павлодар облысының полицейлері Отан қорғаушылар күніне орай марапатталды

Павлодар облысының полицейлері Отан қорғаушылар күніне орай марапатталды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Іс-шараға Ішкі істер органдарының ардагерлері және департаменттің жеке құрамы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.  

Отан қорғаушылар күні мен Ұлы Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Павлодар қаласындағы «Достық үйінің» алаңында Отан қорғаушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. 

– Отанды қорғау барлық уақытта әрқайсымыздың борышымыз болған және болып қала береді. Батылдық пен ерік-жігер  тыныштықты сақтауға мүмкіндік берді. Жыл сайын біздің арамызда Ұлы Отан соғысының ардагерлері азайып барады, бірақ олардың  ерліктері туралы естелік ешқашан жойылмайды. Біз батырларға құрмет көрсетеміз және қазіргі Отан қорғаушыларға ризашылығымызды білдіреміз, – деді облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Жандос Орымбаев.

Дәстүр бойынша мереке құрметіне ҚР Ішкі істер министрінің бұйрығымен қызметтік міндеттерін адал атқарғаны үшін ерекше көзге түскен қызметкерлерге наградалар мен атақтар берілді, медаль және Алғыс хаттармен марапатталды.

Полиция полковнигі арнайы атағын Ризабек Жанат, Лаура Байбек және Арсен Айғазинге мерзімінен бұрын берілді. Капитан Бекболат Балтабаев майор атағына ие болды. Әсет Рыспаев, Алмаз Нұрмағамбетов, Арайлым Мұхамеджанова және Марат Қалиев «Құқық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін» медалімен марапатталды. 

«Ішкі істер органдарының үздігі» төсбелгісімен Әлібек Мұхамеджанов, Бауыржан Асылбеков және Алабаев Руслан марапатталды. ҚР ІІМ Алғыс хаттарымен Самат Қарыбай, Айбат Ибраев, Жасұлан Шайбеков және Серік Арынов марапатталды.

Павлодар облысы әкімінің Құрмет грамотасымен Павлодар облысы полиция департаменті заң бөлімінің басшысы Баянбек Ашжанов, Алғыс хатпен Сәлімхан Шумалеев марапатталды. 

Бірқатар ерекше көзге түскен полиция қызметкерлері Павлодар облысының полиция бастығынан марапатқа ие болды.

Іс-шараның салтанатты бөлімінен кейін марапатталған және шақырылған қонақтардың назарына полицейлердің өздері дайындаған концерт ұсынылды.

Концертте көрермендердің жүрегіне әсер еткен және оларға жарқын, ұмытылмас эмоциялар сыйлаған «Жаса қазағым», «Смуглянка», «Катюша», «Ел қорғандары» сияқты халық сүйетін әндерден тұратын соғыс жылдарындағы музыкалық шығармалар шырқалды.