Павлодарға шыбын-шіркейге қарсы қолданылатын препараттың бірінші партиясы келді

Биыл әуеден өңделетін аумақтың жалпы көлемі 127 мың гектардан 172 мың га дейін ұлғайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бүгін өңірге 20 мың кг көлемінде «Бактицид» биопрепаратының бірінші партиясы жеткізілді. 2 сәуірде облыс орталығына осы препараттың тағы 20 мың кг жеткізу жоспарлануда. Қалған 142 мың кг препарат сәуір айының бірінші онкүндігінде жеткізіледі.
– Биыл әуеден өңделетін аумақтың жалпы көлемі 127 мың гектардан 172 мың га дейін ұлғайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 45 мың га артық. Қосымша Ақсу қаласының ауылдық аймағының солтүстік-батыс бөлігінен 15 мың га және Ертіс ауданының жайылма алқабынан 30 мың га қосылды, – деді Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметінде.
Өңделетін аумақтың ұлғаюы препараттардың да көлемін ұлғайтуды талап етті. Биыл шыбын-шіркейге қарсы күреске 182 мың кг биологиялық препарат қолдану жоспарланған.
Химиялық препараттардың да көлемі өсті. 14,5 мың литр пайдалану жоспарлануда. Оның ішінде 9,2 мың литр – әуеден өңдеуге, 5,3 мың литр – тосқауылды өңдеуге жұмсалады.
Химиялық препараттар сәуірдің екінші онкүндігінде жеткізіледі деп жоспарлануда.