Компьютер клубынан 1,8 млн теңгенің бөлшектерін ұрлаған Аққулы тұрғыны сотталды

Компьютер клубынан 1,8 млн теңгенің бөлшектерін ұрлаған Аққулы тұрғыны сотталды
ЖИ иллюстрациясы

Ол бұрынғы жұмыс орнындағы компьютерлердің жедел жад модульдерін жеті рет қолды еткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Павлодар облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің мәліметінше, компьютер клубының бұрынғы қызметкері өз қызметтік жағдайын және техникалық білімін пайдаланып, 1,8 миллион теңгеден астам шығын келтірген. Техниканың жиі істен шығуы мен келушілердің шағымдарынан кейін мекеме иелері жабдықтардың жетіспейтінін анықтаған.

Сот шешімімен ер адамға 1 жыл 4 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта ол Аққулы аудандық пробация қызметінің есебіне алынды.