Кішкентай павлодарлық суретші республикалық байқауда топ жарды
Байқауға 10-16 жастағы жеті қатысушы өз жұмыстарын ұсынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
"Бояулар құпиясы" деп аталатын балалар бейнелеу шығармашылық байқауы Өскемен қаласында 21-24 қыркүйек аралығында өтті. Шараны Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігінің қосымша білім берудің республикалық оқу-әдістемелік орталығы ұйымдастырған.
Жеңімпаздар қатарында Анастасия Каменский бар. 10 жасар суретші қыз Павлодар көркемсурет мектебінде оқиды.
- Настя өзінің "Баянауыл" атты суретінде ол әдемі Баянауыл табиғаты аясында Наурыз мерекесінің ерекшелігін көрсеткен. Пейзажға гуашь бояуларын қолданған. Бұл оның республикалық байқаудағы алғашқы жеңісі, - деді ұстазы Гүлнар Мұхаметқалина.
Оның айтуынша, осы жылдың тамыз айында дарынды оқушы Башқұртстанда "Алдар Көсе" жұмысымен "Әлем халықтарының қанатты аңыздары" халықаралық байқауының жүлдегері атанды.