Павлодарда «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңіне өтінімдер қабылдануда

Павлодарда «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңіне өтінімдер қабылдануда

Байқау 4 аталым бойынша өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz  тілшісі.

Павлодар облысы білім басқармасының мәлімдеуінше, өтінім қабылдау 24 ақпаннан бастап 3 наурыз аралығында өтеді.

- Балалар фестивлі «вокал», «хореография», «аспаптық орындау», «ыммен орындау» номинациялары бойынша өтеді. «Жұлдызай» балалар шығармашылығы фестивалінің облыстық кезеңіне қатысу үшін онлайн-өтінімдерді қабылдау басталғанын мәлімдейміз, - делінген хабарламада.

Бұл фестивальде ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалар 2 жас ерекшелік тобында қатысады. Мұнда кіші топ 10-12 жас аралығындағы балалар болса, ересек топ 13-15 жас аралығындағы балалар.

Барлық сұрақтар бойынша білім беру ұйымдарына немесе 32-60-02 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.